30 жолаушы мінген автобус жүргізушісі жол үстінде талып қалды
Опубликовано:
Қытайда жүргізуші қоғамдық көлікті айдап келе жатып, есінен танып қалған. Ондағы жолаушылар автобусты әзер тоқтатыпты деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
Оқиға Чжэцзян провинциясының Вэньчжоу қаласында болған. Қоғамдық көлікке орнатылған бейнебақылау камерасына көлікті жүргізіп келе жатқан азаматтың есінен танып, рөлді бірден оңға бұрып жібергені түсіп қалған.
Бірнеше секундтан кейін оған екі азамат көмекке келіп, бірі көлікті тоқтатса, екіншісі жүргізушінің денсаулығына мән берген.
Абырой болғанда, автобустың ішінде болған 30 адамның барлығы дін аман қалған. Ал жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, оның инсулт алғаны анықталды. Қазір оның өміріне төніп тұрған еш қауіп жоқ дейді мамандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1738040-30-zolausy-mingen-avtobus-zrgizusisi-zol-stinde-talyp-kaldy/