Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмелет жасқа толмаған қызбен некелескен жігіттің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Қырғызстанның Ноокен ауданында кәмелет жасқа толмаған қызбен некесін қиған 26 жастағы жігіт сот алдына келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен. Көрнекі фото: Freepik
Бойжеткен. Көрнекі фото: Freepik: UGC

Сот оны төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Үкімге сәйкес, 2017 жылдың сәуірінде жігіт Ресейден қайтып оралып, кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түседі. Кейін оған үйленіп алады.

Ол сотта өз кінәсін мойындап, қыз оның басын айналдырып алғанын алға тартты.

"Ол телефоны сынғанын айтып, менен қарап беруін өтінді. Келіскенімде, ол мені сүйе бастады. Өз қалауымен менімен жыныстық қатынасқа түсті. Кейін Ресейге кеткенімде, анасы менің ата-анама хабарласып, қызының аяғы ауырлап қалғанын хабарлады. Мен ол босанғанда бір-ақ келіп, қызбен бірден некелестім", - дейді сотталушы.

Ал бойжеткен болса, жігітпен мәжбүрлі түрде төсектес болғанын алға тартуда.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1738079-kmelet-zaska-tolmagan-kyzben-nekelesken-zigitti-basy-blege-kaldy/

pixel