Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Былапыт сөздерімен танымал болған шенеунік ауруханаға түсті

Опубликовано:

Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданының басшысы Абдурашид Мамиров 21 маусымда кешке ауыр жарақатпен Әндіжан қалалық медициналық орталығына түсті. Мамиров қарамағындағыларға былапыт сөздер айтып, қол көтеруімен танымал болған еді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: podolskriamo.ru
Көрнекі фото: podolskriamo.ru: UGC

Әкімнің басына ота жасалды, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр. Озидлик радиосы дереккөзінің мәліметі бойынша, Мамировты соққыға жыққан болуы мүмкін. Аудандық әкімдік шененунігі оның ауруханаға түскенін растады, бірақ не болғанын айтпады.

"22 маусымда оның басына ота жасалды. Оның бас сүйегі бірнеше жерден сынған, миына зақым келген, қабырғалары сынған. Қазір ол есін жиды, бірақ жағдайы ауыр", - деді денсаулық сақтау министрлігінің Әндіжан облыстық басқармасындағы маманы.

Әндіжан облыстық құқыққорғау органының қызметкері Мамировтың ауруханаға түскенін растағанымен, оны соққыға жыққан деген мәліметті жоққа шығарды.

"Мамиров құлағаннан басын жарақаттаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалмады", - деді құқыққорғау органының қызметкері.

Бірқатар шенеуніктер әкімнің жолда келе жатып жараланғанын, енді тағы біреулері екінші қабаттан құлап кеткенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739421-bylapyt-szderimen-tanymal-bolgan-seneunik-auruhanaga-tsti/

pixel