Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысықтың етінен жасалған бәлішті алты жыл бойы сатып келген ер адам жұртты шошытты

Опубликовано:

Кения тұрғыны көшедегі мысықтарды ұстап, оларды өлтірген. Сойғаннан кейін оның етін асханалар мен қонақ үйлерге сатыпты. Мыңдаған мысықты құрбан еткен ер адам қамауға алынған деп хабарлайды versia.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: versia.ru
Фото: versia.ru: UGC

Сайттың хабарлауынша, ол мұндай сорақылыққа ақша табу мақсатында барған екен.

"Бір уақытта бәліш сатушыларында ет қажеттігі туындады. Сосын мен 2012 жылдан бастап осы іспен айналыса бастадым",- деді кениялық жігіт.

Сатып алушы азаматтар бәліштің ішінде мысықтың еті барын білмеген. Ол өз тұтынушыларына өзінің тауарын жергілікті қоқыс аумағынан алатынын баяндаған. Ал еттің мысықтікі екені туралы тіс жармаған.

Тұрғындар оны 24 маусым күні мысықты өлтіріп жатқан кезінде ұстап алды. Ашуланған олар жігітке жабылып, өлтіріп тастай жаздаған. Тұрғындардың барлығы осы уақытқа дейін жігіттің арбауына түсіп, мысық еті қосылаған бәліш жеп келді.

"Мысық етін сату заңсыз екенін, шыны керек, білмедім", - дейді жігіт.

Сот оны кінәлі деп танып, 2,5 мың доллар айыппұл төлетумен қатар, 3 жыл бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739446-mysykty-etinen-zasalgan-blisti-alty-zyl-bojy-satyp-kelgen-er-adam-zrtty-sosytty/

pixel