Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Майкл Джексонның әкесі өмірден озды

Опубликовано:

Поп музыканың королі атанып кеткен Майкл Джексонның әкесі Джо Джексон 89 жасында өмірден өтті. Ер адам ұзақ уақытын бойы ауыр дерттен айыға алмай жүрген деп хабарлайды TMZ порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Джозеф Джексон/ Фото: Телеграф
Джозеф Джексон/ Фото: Телеграф: UGC

Адамхат тарихындағы аса танымал әрі жарқын жұлдыздың әкесі Лос-Анджелестегі ауруханалардың бірінде көз жұмған. Анықталғандай, Джо Джексон ұзақ уақыт бойы ауыр дертті еңсере алмай жүрді.Оның ұйқы безінде қатерлі ісік анықтаған.

Өмірінің соңғы уақыттарын ол ауруханаларды паналаумен өткізді. Өліміне дейін ер адам тіпті, әлеуметтік желіге өмірінің соңына келіп қалғанын жазған болатын. Джо Джексонның жақындары да ер адамның ұзаққа бармайтынын түсініп, іштей дайын болған.

Айта кетейік, поп королінің әкесі әрі жеке менеджері болған ер адам бүкіл әлемге Jackson Five тобын таныстырды. Оған қоса, Майкл Джексонды әлемнің ең жарқын жұлдызына айналдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739492-jgili-majkl-dzeksonny-kesi-mirden-ozdy/

pixel