Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешіт алдында шолақ шалбармен бұрала билеген қыздар елді шошытты

Опубликовано:

Малайзия билігі Кота-Кинабалудағы мешітке туристердің кіруіне уақытша тыйым салды. Олардың мұндай шешім қабылдауына Алла үйінің алдында екі қыздың шолақ шалбармен билегені себеп болған деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желіде тарап кеткен видеоны көріп, жерлікті тұрғындар қыздардың ерсі әрекетіне наразалық білдірген. Туризм министрі Кристин Лив аталмыш видеодағы аруларды тауып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уәде берген.

Алайда шенеуніктің сөзінше, оларға қатысты сот отырысы болмайды, себебі олар өз әрекетінің қаншалықты ессіз екенін түсінбеуі мүмкін. Дегенмен министр оларды тауып мұсылмандарды қалай қорлағанын санасына жеткізіп айтуға уәде беріп отыр.

Әзірге тергеу бойжеткендердің қай елден келгенін анықтай алмаған.

Айта кетейік, жеріглікті тұрғындар мен өзге елден келген туристер Сабах джунгиліне барар жолда әсем табиғаттың ортасында орналасқан Кота-Кинабалу мештіне соқпай кетпейді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739509-mesit-aldynda-solak-salbarmen-brala-bilegen-kyzdar-eldi-sosytty/

pixel