Екі әйелі бола тұра 11 жасар қызға үйленіп алған имам жұрттың ашуына тиді
Опубликовано:
Малайзияда екі әйелі бар имам 11 жасар кішкентай қызға үйленіп алды. 41 жастағы Че Абдул Карим Че Абдул Хамид тай қызын үшінші әйелі қылып аламын деп басы дауға қалды. Ол кәмелетке толмаған қызға үйлену арқылы некеге тұру заңдылықтарын бұзған. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екі әйелі мен алты баласы бар имам 11 жасар қызды үшінші әйелі еткен. Мұсылман шариғаты бойынша қыз бала тек 16 жасқа толған кезде ғана заңды түрде қалындық атана алады.
Алайда, Абдул Хамит бұл заңға бағынбаған көрінеді. Ол тіпті жас қыздың әкесінің ұсынысына қарамастан кішкентай қызға үйленіп алған.
Қалындықтың әкесі имамға қызын 16-ға толған кезінде ғана ұзататыны мен ол уақытқа дейін қыздың өз үйінде тұратынын айтып түсіндірген көрінеді.
11 жасар қыз бен 41 жастағы имамның тойы Тайландта болып өтті. Тергеу жұмыстары мерекелік шара барысында түсірілген фотолар табылған кезде бастау алған.
Имамның бірінші әйелі той барысында жасалынған фотоларды желіге жүктеп, отағасының басын бәлеге қалдырды.
Тәртіп сақшылары Абдул Хамитті кінәлі деп тауып жатса, оған алты айға дейінгі бас бостандығынан айыру мен 247 мың доллар көлеміндегі айыппұл тағайындалмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1740257-eki-jeli-bola-tra-11-zasar-kyzga-jlenip-algan-imam-zrtty-asuyna-tidi/