Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин Альварестен кейін кімнің белдігін тартып алғысы келетінін айтты

Опубликовано:

Головкин Альвареспен реванш өткізгеннен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты деп хабарлады Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин
Головкин: UGC
"Келесі кіммен жұдырықтасқым келеді дейсіз бе? Менің ойымша, бұл сұрақты менің промоутерім Том Леффлерге қою керек. Менің талабым көп.

Менің ойымша, WBC-де өз үміткері бар - Чарло, WBA - Мурат. Қазіргі таңда, Сондерс болуы мүмкін... Неге болмасқа? Мен барлық белдікті алғым келеді.

Менің мақсатым - барлық белдік", - дейді Головкин boxingscene.com сайтына.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Головкин АҚШ-тағы жаттығуларын бастады. Мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1741144-golovkin-alvaresten-kejin-kimni-beldigin-tartyp-algysy-keletinin-ajtty/

pixel