Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалысқа шыққан Түрікменбашы немересімен бірге рэп орындады

Опубликовано:

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов қолындағы синтезаторымен немересімен бірге рэп орындады деп хабарлайды Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодағы скриншот.
Видеодағы скриншот.: UGC

Қазіргі таңда Бердымухамедов Каспий теңізінің түрікмен жағалауында демалып жатыр.

Атасының "Спортты Түрікменстан" өлеңіне немересі Керімгулы ән жазып, ағылшын тіліне аударған.

Президент синтезаторда, ал немересі гитарада отырып рэп бағытындағы ән орындады. Ән шумақтарын президент түрікменше, ал немересі ағылшын тілінде айтыпты.

"Спортты Түрікменстан" әні қыркүйек айында өтетін "Амуль-Хазар 2018" халықаралық авторалли мен түрікмен спортының жетістіктеріне арналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1741685-demalyska-sykkan-trikmenbasy-nemeresimen-birge-rep-oryndady/

pixel