Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық санын көбейту үшін мүшеқапты тесіп сатқан саудагер жаға ұстатты

Опубликовано:

62 жастағы ресейлік сатушы халық санын көбейту үшін, футболды тамашалауға келген шетелдік жігіттерге мүшеқаптарды тесіп сатқан. Сатушы бұл істі әдейі істегенін мойындады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Pic2.me
Фото: Pic2.me: UGC

Өзінің бұл әрекетін 62 жастағы Людмила халық санын көбейтуге атсалысқысы келгенімен түсіндірді.

"Мен өз ісіме өкінбеймін. Сіз біздің жігіттердің қаншалықты әлсіз екенін білесіз бе? Олардың барлығы ішімдікке құмар. Ал шетелден қандай керемет жігіттер келді. Өте сымбатты. Сұңғақ бойлы, өте келбетті азаматтар. Олар өз ләззаттарын ала берсін. Есесіне біздің келесі ұрпақтарымыз сұлу да сымбатты болады.

Тағы бір айтарым, қыздарға жүкті болған пайдалы. Олар түнде жүруді азайтып, ана бақытын сезінеді", - деп ағынан жарылды ресейлік қария.

Айта кетейік, Людмиланың өзі 1980 жылдардағы олимпиададан соң егіз баланы дүниеге алып келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1741830-halyk-sanyn-kbejtu-sin-msekapty-tesip-satkan-saudager-zaga-statty/

pixel