Темекі шеккен әйел өзінің екі айлық баласын өлтіріп ала жаздады (фото)
Опубликовано:

Ресейдің Тамбов қаласында 19 жастағы анасының салғырттығынан екі айлық сәбиді күйік шалды деп хабарлайды tsargrad.tv-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тергеу комитетінің мәліметінше, бойжеткеннің темекі күлі екі айлық сәби жатқан бесік арбаға түсіп, тез арада тұтанып кеткен. Оқыс оқиғаның салдарынан балақай ауыр дене жарақаттарын алды.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың денесінің 12%-ын күйік шалған. Ауруханада сәбидің жағдайын бір қалыпты ауыр деп танып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1741928-temeki-sekken-jel-zini-eki-ajlyk-balasyn-ltirip-ala-zazdady-foto/