Қаланың қақ ортасында Ердоғанның ескерткішін орнатқан немістер түрік басшысын мазақ етті
Опубликовано:
Германиядағы Висбаден қаласында Түркия президентіне арнайы ескерткіш орнатылды. Реджеп Тәйіп Ердоғанның алтын жалатылған мүсіні қаланың қақ ортасында орналасқан. Ескерткіш арнайы арандатушылықты өнер арқылы көрсететін шара аясында жасалынды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Германияда жылда өтетін Wiesbaden Biennale фестивалі биыл "Жаман ақпараттар" тақырыбы аясында жүргізілді.
Өнер арқылы арандатушылықты жеткізетін шарада жиі сынға ұшырап жататын түрік басшысы Реджеп Тәйіп Ердоғанның ескерткіші бой көрсеткен. Алтынмен жалатылған Түркия президентінің мүсіні қаланың қақ ортасында орналасты.

Кейбір адамдар танымал тұлғаның ескерткішінің қасында суретке түсіп жатса, кейбірі түрік басшысын мазақ етуде. Әйгілі саясаткерге қарсы болғандар оның ескерткішіне жағымсыз сөздер жазып қалдырған.
Айта кетейік, Ердоғанның дәл осы Германиямен қарым-қатынасы қатты ушығып кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1749966-kalany-kak-ortasynda-erdoganny-eskertkisin-ornatkan-nemister-trik-bassysyn-mazak-etti/