Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам тапа-тал түсте мәйітханадан енесінің денесін ұрлап кетті

Опубликовано:

Ұлыбританияда ер адам әйеліне айтпай, мәйітханадан енесінің денесін алып кеткен. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Akhtar Soomro / Reuters
Көрнекі фото: Akhtar Soomro / Reuters: UGC

Оқиға Рочестер қаласында болған. Жерлеу ісімен айналысатын бюро басшысымен хабарласа алмаған азамат енесінің мәйітін ұрлауға мәжбүр болған.

Оның сөзінше, ұйымдастырушы телефон қоңырауларына жауап бермей қойыпты. Не істерін білмеген ол полиция бөлімшесіне барып, іздеу салуға тырысқан екен. Алайда бұл әрекеттен ешқандай нәтиже шықпаған көрінеді.

Жерлеуге аз ғана күн қалғанда азамат мәйітханадан енесінің денесін ұрлап, марқұмға дайындалған киімді де алып үлгеріпті. Бұл жағдай күндіз болғанымен, ер азаматты ешкім тоқтатпаған екен.

Бұдан соң азамат енесінің денесін басқа жерлеу бюросына жеткізген.

"Менің басқа амалым болған жоқ", - деді ол.

Рәсім жоғары деңгейде өткен, ал азаматтың жұбайы еш нәрсе байқамапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1750589-er-adam-tapa-tal-tste-mjithanadan-enesini-denesin-rlap-ketti/

pixel