Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші синий кит: Момен сөйлескен екі жеткіншек өз-өзіне қол салды

Опубликовано:

Соңғы кездері жасөспірімдер арасында суицид шақыратын Момо ойыны кең қанат жайған. Бұл жолы желідегі жұмбақ кейіпкердің құрбаны 12 және 16 жастағы оқушылар болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Колумбияда 12 жасар қыз бен 16 жастағы жасөспірім Момо жасауға бұйырған тапсырманы орындамақ болып, өзіне қол жұмсаған. WhatsApp арқылы байланыс орнататын адам шошырлық кейіпкер балаларды суицид жасауға итермелеген.

Өзі міндеттеген тапсырма орындалмаған жағдайда Момо жасөспірімдерді "қара қарғыс" күтетініне сендірген.

Жергілікті БАҚ өкілдернің хабарлауынша, аталмыш ойын салдарынан көз жұмған балалар өзара таныс болған. Тіпті, 12 жасар қызды ойынға 16 жастағы досы кіргізгені де анықталды. Екі оқушы өлімдерінің айырмашылығы 48 сағатты құраған.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Айта кетейік, бұл Момоның Колумбиядағы алғашқы құрбандары. Бұған дейін Украинадағы қыз да аталмыш ойын салдарынан өмірмен қош айтыспақ болған. Алайда, оны уақытысында құтқарып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1750972-ekinsi-sinij-kit-momen-sjlesken-eki-zetkinsek-z-zine-kol-saldy/

pixel