Жаңбырлы күні жолға шыққан Молдавия президенті апатқа түсті (видео)
Опубликовано:
Молдавия президенті Игорь Додон 9 қыркүйек күні жол апатына түсіп қалды. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көлік оқиғасы Кишинев маңындағы Страшена-Калараш тас жолы аймағында болған. Соқтығыс әсерінен президент көлігі аударылып қалыпты.
Молдовия телеарналарының хабарлауынша, жол апаты жүк көлігімен соқтығысу әсерінен болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік жүргізушілері жаңбырлы күні көлікті басқара алмай қалған көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1751768-zabyrly-kni-zolga-sykkan-moldavia-prezidenti-apatka-tsti-video/