Тәжікстан президентінің ұлына алғыс айтқысы келген әнші оған ән арнап жіберді

Опубликовано:

Тәжікстанның танымал әншісі Зиёвуддин Нурзод Душанбе мэрі, президенттің үлкен ұлы Эмомали Рахмонға ән арнады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: centralasian.org
Фото: centralasian.org: UGC

Тәжік әншісі кешкі Душанбені серуендеп жүрген кезде, жаңадан бой көтерген ғимараттарға тамсанып, Душанбе әкіміне алғыс ретінде ән жазғанын айтады.

"Ең бірінші ұлым биік ғимараттарды көріп, "Әке, Душанбе Дубайға ұқсайды!" деді. Мен де қаланың сұлулығына таңдана қарадым. Мен бұл әнді өзімнің, ұлымның және Душанбе тұрғындарының атынан құрмет білдіріп арнадым", - дейді әнші.

Айта кетейік, Тәжікстанда бұл президент ұлы Рустам Эмомалиге арналған алғашқы ән. Осыған дейін мемлекет басшысына арнап көптеген әндер мен өлеңдер жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1752987-tzikstan-prezidentini-lyna-algys-ajtkysy-kelgen-nsi-ogan-n-arnap-ziberdi/