Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көліктің астында қалған жеткіншек ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

Үндістанның Мумбаи қаласында адам сенгісіз жағдай орын алды. Ойда жоқта көлік астында қалған жеткіншек ғажайыптың күшімен аман қалды деп хабарлайды apostrophe.ua cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға бейнебақылауға түсіп қалған.

Видеода бір топ балалардың жол бойында доппен ойнап жатқанын көруге болады. Олардың бірі тұрақта тұрған көліктің алдына аяқ киімінің бауын байлау үшін отырады. Осы кезде әйел адам автомобильге отырып, алға жүріп кетеді.

Артынша көліктің астында қалып қалған жасөспірім орнынан тұрып, достарына қарай жүгіріп кеткен. Алғашында ештеңе байқамаған балалар аздан соң жәбірленуішнің қасына келіпті.

Содан соң олардың қатарындағы біреуі баланы қолынан алып, үйге алып кеткен.

Ескерту! Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны көруге кеңес бермейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1754917-klikti-astynda-kalgan-zetkinsek-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/

pixel