Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар көпке арман болған Таиландқа тегін виза алмақшы

Опубликовано:

Таиландтың экономикалық сұрақтар жөніндегі вице-премьері белгілі бір уақыт аралығында туристерге арналған виза үшін ақы төлемеу туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды Bangkok Post сайтына сілтеме NUR.KZ.

ердоған
Көрнекі фото: mir.ivan-susanin.com: UGC

Оның ойынша, визаға төленетін ақшадан бас тарту елге көптеген туристерді шақырады.

Тегін визаға ағымдағы жылдың соңғы екі айында тек 21 елдің, соның ішінде Қазақстанның туристері ғана қол жеткізе алады.

Билік Қытайдан келетін туристердің саны айтарлықтай өсетініне сенімді: осы жылы аспан асты елінен 12 миллион турист күтіледі екен.

Елге барлығы 40 миллион шетелдік туристерді тарту жоспарланып қойған.

Қазіргі уақытта Таиландқа арналған виза үшін қазақстандықтар шамамен 22 мың теңге көлемінде қаражат жұмсайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1758751-kazakstandyktar-kpke-arman-bolgan-tailandka-tegin-viza-almaksy/