RU

"Әдейі істеген жоқпын": Тілші қызды азаптап өлтірген болгар азаматы сотталды

Бүгін Болгарияның Русе қаласында журналист Виктория Маринованың өліміне қатысты бірінші сот отырысы өтті. Күдікті азамат өз кінәсін мойындады деп жазады Русская Болгария сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

nova.bg
Фото:nova.bg: UGC
"Иә, мен кінәлімін. Істеген ісім үшін қатты өкінемін. Мұны істегеніме сене алар емеспін",- деді журналистерге болгар журналисті Виктория Маринованы өлтірді деп айыпталып отырған Северин Красимиров.

Кеше 21 жастағы Северинге журналист өліміне қатысты ресми айып тағылған.

Бүгін Руседе өткен сот отырысында күдікті есінде ештеңе жоқ екенін хабарлады. Сол күні ол сауық кеште болып, есірткі шегіп, ішімдік ішкен екен.

"Қайтып келе жатқанында саябақта бір әйелмен соқтығысып қалдым. Ол мені итеріп жіберді ме, әлде мен итердім бе, білмеймін. Екеуіміз біраз сөз таластырдық, сосын мен оны соғып жібердім", - деді күдікті.
Өзіне қандай жаза берілу керек деген сұраққа ол: "Қандай жаза берсе де көнемін. Өмір бойына соттаса, отырамын", - деді.

Северин өміріне қауіп төнгендіктен, түрмеде қалғысы келетінін айтты.

Бейнекамералардың алдында Северин көз жасына ерік беріп, қатты өкінетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1758910-deji-istegen-zokpyn-tilsi-kyzdy-azaptap-ltirgen-bolgar-azamaty-sottaldy/