Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда ойда-жоқта көз жұмған турист еліне жүрек пен бүйрексіз оралған

Опубликовано:

Ұлыбританиялық Дэвид Хамфрис Мысырда демалып жатқан уақытында қайтыс болған. Азаматтың денесін ашқанда, оның жүрегі мен бүйректері жоқ екені анықталған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: The sun
Фото: The sun: UGC

62 жастағы азамат немерелерімен хауыз маңында ойнап отырып, есінен танып қалады. Жедел түрде ауруханаға жеткізілген туристі дәрігерлер құтқара алмаған екен. Артынша египеттік дәрігерлер оның денесін ашып, Ұлыбританияға жіберіпті.

Алайда отанына жеткізілген денені қайта ашқан британиялық дәрігерлер марқұмынң жүрегі мен бүйректерінің жоқ екенін анықтаған. Хамфристің отбасы азаматтың дене сүшелерін сатушылардың қолына түсіп қалған болуы мүмкін деп есептейді. Енді олар осы мәселеге қатысты Мысыр билігінен жауап күтіп отыр.

Фото: The sun
Фото: The sun: UGC

Өзге болжам бойынша, Дэфид Хамфрисс дәрігерлердің қателігінен көз жұмған. Ал өз қателіктерін жасырмақ болған ақ халаттылар дене мүшелерін алып тастаған болуы мүмкін.

Алайда бұл ақпаратты мысырлық дәрігерлер жоққа шығарды. Қазір іс Ұлыбританияның Сыртқы істер министрілігінің қарауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759239-mysyrda-ojda-zokta-kz-zmgan-turist-eline-zrek-pen-bjreksiz-oralgan/

pixel