Ресей телеарнасы Керчьте қаза тапқан студент қыздан сұхбат алды (видео)

Опубликовано:

"Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасының эфирінде Керчьте болған қырғынның куәгері Алина Керова байланысқа шыққан. Артынша ол студенттің оқиға орнында көз жұмғаны анықталған деп хабарлайды Газета.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ "Россия-1" телеарнасы
Фото: Видеодан кадр/ "Россия-1" телеарнасы: UGC

Бағдарлама жүргізушісі Ольга Скабеева бұл жағдайды өз Instagram желісінде түсіндірген. Арудың сөзінше, бағдарламаға байланысқа шыққан қыз шын есімін білдірмес үшін өзін Керова деп таныстырған.

"Алена Керова - керчьтік колледждің студенті. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында қаза тапқан. Ал қазір оның есімін басқа қыз жамылып отыр",- деді Скабеева.

Жүргізушінің айтуынша, қыз шок жағдайында болғандықтан және өз есімін айтудан қорыққандықтан осы әрекетке барған болуы мүмкін.

Сондай-ақ, ол қыздың шын есімі мен телефон нөмірі анықталғанын және редакторларда барлық сөйлескен мұрағат бар екенін айтты.

Журналист бұл эфир жарыққа шыққан сәтте Керованың қайтыс болғандар тізімінде болмағанын да айтты.

"Керчь колледжінің студенті неліктен басқа есімді атағаны бізге әлі белгісіз",- дейді жүргізуші.

Желі қолданушыларын Скабееваның түсініктемесі қанағаттандыра қоймады. Тіпті, олар жүргізуші жазбасының астына түрлі пікірлер жазып қалдырды.

Фото: Коллаж NUR.KZ
Фото: Коллаж NUR.KZ: UGC
"Осындай анықталмаған қанша ақпарат бердіңіздер? Сіздің кәсібилігіңіз күмән келтіреді",- деді көрермендер.

Сондай-ақ, желідегілер телеарна қызметкерлері өздерінің мойнынан кінәні алып тастағысы келетініне ашуланған.

"Қызық, Алина Керова қайтыс болып кетсе, сіздердің редакцияларыңыз оған қалай хабарласты",- деп жазған пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759587-resej-telearnasy-kercte-kaza-tapkan-student-kyzdan-shbat-aldy-video/