Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітте іш киімсіз, етегін көтеріп суретке түскен ару елдің ызасын келтірді (фото 18+)

Опубликовано:

Бельгиялық модель Мариса Папен Түркияның Стамбул қаласындағы мешітке іш киімсіз барып, етегін көтеріп суретке түскен. Бұл туралы fakty.com.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: fakty.com.ua
Фото: fakty.com.ua: UGC

Желіде тарап, қызу талқыға түскен суретте арудың ұзын қара көйлекте тұрғанын және етегін көтеріп, жалаңаш денесін көрсеткенін байқауға болады.

Суретті түсірген австралиялық фотограф Джесси Уокер екен. Модельдің айтуынша, олар дау тудырған фото үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, мешітке әзер кірген.

Фото: fakty.com.ua
Фото: fakty.com.ua: UGC
"Қасиетті София үнемі ағылған туристерден босамайды. Бізді барлығы көруі үшін гидтің өз тобымен жақындау келгенін біраз уақыт күтіп тұрдық", - дейді ол.

Алайда қасиетті орында түсірілген сурет фотографтың көңілінен шықпай, ертеңіне олар фотосессияны қайта өткізген.

Түркиядағы полицейлер оларды қонақүйге іздеп келгенде, фотограф пен модель қаладан кетіп үлгеріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759722-mesitte-is-kiimsiz-etegin-kterip-suretke-tsken-aru-eldi-yzasyn-keltirdi-foto-18/

pixel