Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келінін көп ұйықтағаны үшін ұрып тастаған қайын ене сот алдына келді

Опубликовано:

Қырғызстанның Шу облысында енесі келінін швабрамен ұрып тастаған. Әйел адамға бес мың сом көлемінде айыппұл салынды деп жазады kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

otvprim.ru
Көрнекі фото:otvprim.ru: UGC

2018 жылдың 1-ші шілдесінде Шу облысының тұрғыны көп ұйықтап, таңғы ас әзірлемеген келінін швабрамен ұрып тастаған. Бұл уақытта үйдегілердің бәрі ұйықтап жатқан.

Мұндай қорлық көрген Лилия есімді келін келесі күні енесі мен қайын атасы ауруханаға кеткен кезде, ұйықтап жатқан күйеуін тастап, баласын алып төркініне кетіп қалған.

Келіні құзырлы органдарға шағымданып, енесі Розаны бас бостандығынан айыруды талап еткен.

Алайда, сот отырысы кезінде Лилияның енесі келінінің үй шаруасымен айналыспайтынын, бөлмесі үнемі шаң басып жататынын айтып, келінін соққыға жыққанын мойындамаған.

Әйел адам келінінен кешірім сұраудың орнына, келінге қол көтеруге болатынын жеткізген.

Сараптама нәтижелері соққыға жығылу фактісін растады.

Жапа шегушінің миы шайқалып, аяқ-қолдары мен ернінде жарақаттар болған.

Сот Розаны кінәлі деп тауып, бес мың сом айыппұл төлеуге міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759924-kelinin-kp-jyktagany-sin-ryp-tastagan-kajyn-ene-sot-aldyna-keldi/

pixel