Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі ең толық әйел тұрмысқа шыққалы жатыр

Опубликовано:

Салмағы 270 келі Наталья Руденко Ресейдің ең ауыр салмақтағы нәзік жандысы саналады. Ол жақын арада тұрмысқа шығатнын мәлім етті хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

36 жастағы Волгоград тұрғыны Натальяға сүйіктісі елеарнадағы эфир барысында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Әйел оның ұсынысын қабыл алғанымен, жақын арада үлкен той жасамаймын деп отыр.

"Біріншіден, маған қазір қозғалу қиын. Екіншіден маған шақтап той көйлегін тігу де қиын",- дейді Наталья.

Сондай-ақ ол тойдан бас тартуының басты себебі денсаулығы екенін айтады. Дегенмен біршама уақыт өткен соң салмағын азайтып, той көйлегін кигісі келетінін жасырмайды. Оған денеге жабысып тұратын, арқасы ашық көйлектер ұнайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759968-resejdegi-e-tolyk-jel-trmyska-sykkaly-zatyr/

pixel