Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14-ші қабаттан аяғы тайып кетіп құлаған жас жігіт аман қалды

Опубликовано:

Тбилисиде 25 жастағы азамат 14-ші қабаттан құлап, ғажайыптың күшімен аман қалды. Жас жігіт терезе алдында тұрғанда аяғы тайып кеткен деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнеі фото: oxu.az
Көрнеі фото: oxu.az: UGC

Оқиға куәгерлері азаматты бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, ол бірнеше дене жарақаттарын алғанымен, өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Енді ер адам біраз уақыт ақ халаттылар бақылауында болып, содан кейін үйіне жіберіледі.

Науқастың сөзіне сүйенсек, ол терезе алдында тұрғанда аяғы тайып кеткен. Оның гараж үстіне құлауы аман қалуына себеп болыпты.

Ғимараттың шатыры қалың әрі жұмсақ материалмен қапталған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1760960-14-si-kabattan-aagy-tajyp-ketip-klagan-zas-zigit-aman-kaldy/

pixel