АҚШ-та өлім жазасына кесілген адамды электр орындығында өлтірді
Опубликовано:
Теннеси штатының Нэшвилл қаласында сотталушыны электр орындығында өлім жазасына кесті. Мұндай жаза түрі АҚШ аумағында 2013 жылдан бері өткізілмеген. Бұл туралы news.tut.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

63 жастағы Эдмунд Загорски штат үкіметінен өлтіретін екпе орнына электр орындығымен жазаға кесілуін өзі өтінген. Оның пікірінше, мұндай өлім жылдам, әрі жанды қинамайды екен.
АҚШ-та электр орындығында өлім жазасына кесілу соңғы рет 2013 жылы Вирджиния штатында өткізілген екен. Теннесиде мұндай жаза 1960 жылдан бері өткізілмеген.
Эдмунд Загорски 1984 жылы өлім жазасына кесілген екен. Оны есірткі саудасы кезінде екі адамды өлтіргені үшін соттаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1761389-aks-ta-lim-zazasyna-kesilgen-adamdy-elektr-oryndygynda-ltirdi/