Таиландта адам етінен тамақ дайындаған мейрамхана жұртты шошытты
Опубликовано:
Таиландтағы мейрамханалардың бірінде адам сенгісіз жағдай орын алды. Вегетариандық кафеге келген халық кеспе мен көкөністен тұратын тағам ішінен етті байқап қалған. Ең сорақысы, бұл дәмхананың басшылығы қонақтарға адам еті қосылған тағам дайындап берген деп хабарлайды Segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алғашында келушілер бұл шошқаның немесе сиырдың еті деп ойлап қалған.
Алайда жергілікті органдардың арызынан соң келген тексеріс бұл еттерін адамға тән екенін анықтапты.
Қазір мейрамхана басшысы адам өлтіру мен мәйітті жасыру әрекеті үшін айыпталуда. Ол адам дене бөліктерін дайындап, келушілерге ұсынып отырыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1761390-tailandta-adam-etinen-tamak-dajyndagan-mejramhana-zrtty-sosytty/