Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызғаныштан құрбысын бауыздап тастаған әйел жаға ұстатты

Опубликовано:

Ресейде Мәскеу тұрғыны құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтіріп тастаған. 1975 жылғы әйелдің өмірін қыршынынан қиған келіншек тұтқынға алынды деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Sputnik / Табылды Кадырбеков
Sputnik / Табылды Кадырбеков: Facebook

Бұл жөнінде Ресейдің Тергеу комитеті ресми мәлімдеме жасады.

"Тергеу мәліметінше, 16 қарашада кешкі уақытта Мәскеудегі Ереванская көшесінде орналасқан үйде әйел адам құрбысының мойнына пышақ салып алған. Ол бұл әрекетті қызғаныштың кесірінен жасаған", — деп хабарлайды ведомство.

1975 жылы туған әйел алған аса ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Қазіргі таңда тергеушілер күдікті әйелден жауап алып жатыр, қанды оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1764180-kyzganystan-krbysyn-bauyzdap-tastagan-jel-zaga-statty/

pixel