"Өлім періштелері": ВИЧ ауруы тарап кеткен елдің жезөкшелері туралы не білеміз?
Опубликовано:
Iranian Journal of Public Health зерттеуі өткен жылы Нигерияда ВИЧ инфекциясын халықтың 4,1 пайызы жұқтырғанын анықтаған. Қазіргі күні эпидемияның өршуіне мүшеқапты пайдаланбау мен интимді қызмет көрсететін сырқат қыздардың көптігі себеп болып отыр. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Елдегі секс-қызмет көрсететін бойжеткендердің арасында айтарлықтай тұрмысы төмен қыздар бар.

Ал жастайынан интимді өмірге араласқан кедей жөзөкшелерді нидерландылық фотограф Тон Коэне суретке түсіріп алыпты.

Оның сөзінше, бикештердің кейбірі бұл іспен 14 жастан бастап айналысатын көрінеді.

Олар күніне бес клиенттен қабылдайтынын, олардың 2 доллардан 5 долларға дейін қалдыратынын жеткізген.

Үш жыл бұрын Нигериядағы секс-қызметкерлерінің 24,3 пайызы ВИЧ жұқтырған болып шығыпты.

Ал елде жігіттерге мүшеқап туралы айтуға мүлде болмайтын көрінеді. Ол жұбыңа немесе өзіңе деген сенімсіздік болып табылады екен.

Сол себепті, арулардың көбі жұбайларына бұл ұсынысты айтудан да жүрексінеміз деп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765972-lim-peristeleri-vic-auruy-tarap-ketken-eldi-zezkseleri-turaly-ne-bilemiz/