Тәжікстан азаматы өз анасын өлтіргені үшін 22 жылға сотталды
Опубликовано:
Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласының 35 жастағы тұрғыны Усманов Дилшод өз анасын өлтіргені үшін 22 жылға сотталды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес 29 қыркүйек күні азамат өз үйіне мас болып келген. Ұлының бұл әрекетіне көңілі толмаған анасы бірден айғайға басқан. Ал ұрысқа шыдайалмаған жігіт оған 11 жерден пышақ ұрып тастаған.
Нәтижесінде, 62 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған.
Душанбе соты Дилшод Усмановты өз ісі үшін кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырды. Ол өз жазасын қатаң режимді колонияда өтемек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1766233-tzikstan-azamaty-z-anasyn-ltirgeni-sin-22-zylga-sottaldy/