Өзбекстан премьер-министрі марқұм Ислам Каримовті кінәлады
Опубликовано:
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Ташкент қаласында өткен есептік-сайлау конференциясында бұрынғы президент Ислам Каримовтың әйелдерді жұмысқа орналастыру саясатын сынға алды. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Премьер-министр Өзбекстан үкіметінің осы күнге дейін әйелдер мәселелеріне дұрыс көңіл бөлмей келгенін мойындады. Арипов "Ислам Каримов" деп ашық айтпайды.
Алайда өзбекстандық еңбек мигранттарына қатысты "жалқаулар" сөзін қолданып, Каримовтың саясатына қарсы шығу деп бағалауға болады.
"Неге азаматтар басқа елге барып жұмыс істейді? Себебі біз өз елімізде жағдай жасай алмадық. Шетел асып жұмыс істейтіндерді "жалқаулар" деп атадық. Олай болса, жалқау еместерге елімізде жұмыс ұсын. Онда жағдай басқаша болады", - деді Абдулла Арипов.
2013 жылдың маусымында марқұм Ислам Каримов Джизак облысына барғанында еңбек мигранттарын "жалқаулар" деп атаған болатын. Оның басқаруы кезінде үкімет жыл сайын бір миллион жұмыс орны ашылғанын хабарлайтын.
Бірақ Абдулла Ариповтың сөзінше, Каримовтың кезінде кейбір қаржыгерлер бір орынды үш немесе төрт штатқа бөліп отырған.
"Бір орынды төрт, сегіз штатқа бөліп отырған. Осылайша 10-20 мың сом (1,2-1,4 доллар) жалақы төлеген. Нәтижесінде тізімде сегіз орын деп жазылады. Бәрі қағазда тұр. Бұлай болмауы керек. Әйел адамдарға жұмыс орны ашылғанда, олар сол жерде жұмыс істеулері тиіс", - деді Арипов.
Премьердің сөзінше, жыл сайын еңбек нарығына 350 мың әйел шығады екен.
"Жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы әйел адамдарға арналған жұмыс орындарының санын арттыру керек. Әйелдердің мәселелерін шешу үшін алдымен оларды жұмыспен қамту керекпіз", -деп мәлімдеді Абдулла Арипов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1770387-zbekstan-premer-ministri-markm-islam-karimovti-kinlady/