Әлемнің ең қарт адамы өмірден өтті (фото)

Опубликовано:

Жапонияның Хоккайда аралының тұрғыны, әлемнің ең қарт адамы Масадзо Нонака 113 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Ukranews-ke сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: joinfo.ua
Фото: joinfo.ua: Facebook

Масадзо Нонака 20 қаңтар күні Асеро елді мекеніндегі өзінің үйінде қайтыс болған.

Ол 1905 жылдың 25 шілдесінде өмірге келген. Өмірінің соңғы жылдары Меакан таулы аймағында немересімен тұрған.

Нонака газет оқып, сумо спортын тамашалағанды ұнатқан.

Ол 2018 жылдың 10 сәуірінде Гиннестің рекордтар кітабына әлемнің ең қарт адамы ретінде еніпті.

Фото: joinfo.ua
Фото: joinfo.ua: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774202-lemni-e-kart-adamy-mirden-tti-foto/