Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік ұшақты Ауғанстанға бұрмақ болған ер адамды тергеу сәтінен видео тарады

Опубликовано:

Желіде ресейлік ұшақты басып алып, бағытын Ауғанстанға бұруды талап еткен ер адамды тергеу сәтінен видео пайда болды.

Ұшақ бортынан фото: t.me/breakingmash
Ұшақ бортынан фото: t.me/breakingmash: UGC

Бейнежазбадан үзінді Ресейдің тергеу комитетінің Twitter парақшасында жарияланған. Онда тергеушілердің бірі ер адамнан ақпарат алуға тырысып жатқанын байқауға болады.

"Лайф"-тың мәліметінше, ер адам мастық күйде болған. Әуе кемесін басып алған ер адам ұлының айтуынша, әкесінің елді дүрліктірген әрекетке баруына көптен бері алкоголь сусындарын татып алмауы әсер етуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сургут-Мәскеу бағытындағы ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясына тиесілі ұшақты жолаушылардың бірі басып алғаны хабарланған еді.

Ер адам қарумен қорқытып, әуе кемесінің бағытын Ауғанстанға бұруды талап еткен.

Абырой болғанда бортта болған адамдар зардап шеккен жоқ. Бұзақы ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774563-resejlik-sakty-auganstanga-brmak-bolgan-er-adamdy-tergeu-stinen-video-tarady/

pixel