Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

53 жастағы атақты әнші концертте ән салып тұрғанда қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Татарстандық танымал әнші Фания Халиуллова концерт кезінде тура сахнада қайтыс болды деп хабарлайды Dimgrad24.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фания Хилиуллова. Фото: әлеуметтік желі
Фания Хилиуллова. Фото: әлеуметтік желі: Facebook

"Карлыгач" және "Неугасимые звезды" ансамблінің жетекшісі және педагог концерт уақытында өзін жайсыз сезінген.

Ол сахнаның үстінде ән айтып жатып құлап түсіпті.

Оқиға орнына дәрігерлер жетіп, әртіске көмек көрсеткенімен, оны құтқарып қала алмаған.

Алдын-ала болжам бойынша, әнші әйел жүректің тоқтауынан көз жұмған.

Фания Халиуллова 53 жаста болыпты.

Ол педагог және музыкалық қызметтен бөлек, татарстандық ұлттық мерекелердің жүргізушісі ретінде де танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774576-53-zastagy-atakty-nsi-koncertte-n-salyp-trganda-kajtys-boldy-video/

pixel