Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айфонын жоғалтып алған 20 жастағы жігіт өз-өзіне қол салды

Опубликовано:

Англиялық Арчи Дэй Манчестердегі көңілді кеште Iphone брендті ұялы телефонын жоғалтып алған. Бұл жағдайға көңіл-күйін түсірген жігіт келесі күні өз-өзіне қол жұмсапты. Студенттің денесі Салфорд университетінің жатақханасынан табылған деп жазады Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Cavendish Press
Фото: Cavendish Press: Twitter

Осы уақытқа дейін Арчи күйзелісте жүрген екен. Алайда, оның жанұясы марқұмның достары көп болғанын, ол өз-өзіне қол салуы мүмкін емес екенін айтып отыр. Жақындары жігіттің бұл әрекетке мас күйінде барғанына сенімді.

Дэйдің достары оның күйзеліс туралы ән айтатын музыканттарға қызыққаннын, әлеуметтік желіде түрлі жазбалар қалдырғанын айтқан.

Алайда, олар марқұмның бұл әрекетіне мән бермепті. Себебі, ол ортада өзін әрдайым көңілді ұстап, күліп жүрген екен.

"Мен оның күйзелісте жүргенін білетінмін. Бірақ, соншалықты жағдайы нашар деп ойламадым. Ол өте ашық, жайдары еді. Дегенмен, Instagram парақшасында "Мен қазір өлі болуым керек еді" деген жазба қалдырған екен", - дейді оның көршісі Кэйн Меркхэм.

Ал ұялы телефон әлі табылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774820-ajfonyn-zogaltyp-algan-20-zastagy-zigit-z-zine-kol-saldy/

pixel