Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Венесуэла халқы билікке қарсы жаппай көтеріліске шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Венесуэлада билік ауыстыруға қатысты жаппай наразылық пен тәртіп бұзушылықтар орын алып жатыр. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: twitter.com/edesousag
Фото: twitter.com/edesousag: UGC

Елдегі наразылықтардың жаңа толқыны бірнеше күн бұрын Қорғаныс министрлігі Каракастағы әскери бүліктің сәтсіздігі туралы айтқан соң басталды. Онда аудандардың бірінде атыс орын алған.

21 қаңтарда Ұлттық Ассамблеяның басшысы Хуан Гуаидо өзін ел президенті міндетін уақытша атқарушы етіп жариялап, ант берген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп оны мемлекет басшысы ретінде мойындаған.

Өз кезегінде, елдің қазіргі көшбасшысы Мадуро оппозиция өкілдерінің мемлекеттік билік төңкерісін жасауға тырысқаны және бұл жағдайға АҚШ билігінің қатысы бар екенін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Венесуэлада үкіметке қарсы акциялар, сондай-ақ президент Николас Мадуро жақтастарының манифестациялары өтті.

Наразылық толқыны елдің көптеген қалаларын қамтыған. Жергілікті полицияның мәліметінше, 23 қаңтарға қараған түні Баринас қаласында Ұлттық гвардиямен болған қақтығыста төрт адам қаза тауыпты.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта көз жұмғандардың саны 16 адамға жеткен.

Соңғы үш күнде наразылық акциясына қатысқан 70-ке жуық адам ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774821-venesuela-halky-bilikke-karsy-zappaj-kteriliske-sykty-foto-video/

pixel