БАҚ: Тақтан бас тартқан Малайзия королі мен "Мәскеу аруы" ажырасқалы жатыр

Опубликовано:

Тақтан бас тартқан Малайзия королі V Мұхаммед Фарис пен оның 25 жастағы жұбайының махаббат хикаясы екі ай өтпей соңына жеткен көрінеді. БАҚ беттерінде бұрынғы мемлекет басшысы "Мәскеу аруы" атанған Оксана Воеводинамен ажырасқалы жатқаны туралы ақпарат тараған деп жазады СтарХит-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Малайзия королі мен Оксана Воеводина. Фото: Manithan.com
Малайзия королі мен Оксана Воеводина. Фото: Manithan.com: UGC

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, неке қию салтанатының аясында орын алған жанжалдар cалдарынан Мұхаммедтің ресейлік хас сұлуға деген сезімі суып кеткен.

Енді ерлі-зайыптылар ажырасу үшін қажетті құжаттарды жинаумен айналысып жатыр.

Айта кетерлігі, осыдан бірнеше апта бұрын ғана желіде Воеводинаның жүкті екені жайлы ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда, Оксана бұған қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Фото: instagram.com/anna_gorod
Фото: instagram.com/anna_gorod: UGC

Еске сала кетейік, Малайзия басшысы мен 25 жастағы арудың үйлену салтанаты өткен жылдың қараша айында Мәскеуде өтті. Бұл шараға дейін жас жұбайлар малайзиялық дәстүр бойынша некесін қидырып қойған.

Үйлену тойына дейін ресейлік ару ислам дінін қабылдаған. Ал мемлекет басшысы неке қию салтанатынан кейін бірнеше аптадан соң тақтан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774865-bak-taktan-bas-tartkan-malajzia-koroli-men-mskeu-aruy-azyraskaly-zatyr/