Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызын 10 жыл бойы бір орында тапжылмай күткен қария елді жылатты (фото)

Жарияланған күні:

Таиландта қария тастап кеткен қызын бір орында "қайтып келеді" деген үмітпен 10 жылдан бері күтуде деп жазады NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Facebook/Poramet Misomphop
Фото: Facebook/Poramet Misomphop: Facebook

Бангкоктық қарияның аянышты тарихын Facebook желісінде Порамет Мисомфоп есімді қолданушы жариялаған.

Оның айтуынша, 30 қаңтар күні жергілікті тамақтану орнында түстеніп жатқанда қарты байқапты.

Жолға үмітпен қарап отырған қарияны Мисомфоп ұзақ бақылағанын айтқан.

Осыдан кейін жақын маңдағы дүкендерден атай туралы сұрастыра бастаған. Олар қарияның ұзақ уақыт бойы тапжылмай отырғанын жеткізген.

"Он жыл бұрын бұл жерге көлікпен бір қыз келген. Содан көліктен қартты шығарды да, бірнәрсе айтты. Бірақ қыздың қарияға не айтқаны белгісіз", - дейді жергілікті тұрғындар.

Бойжеткен қартты сол жерге қалдырып, өзі кетіп қалған.

Кейінірек, қария дүкен сатушысына қызы жұмысқа кеткенін, сол себепті қысқа мерзімге тастап кеткендігін жеткізген.

Қарт "қызын кез келген уақытта келіп қалуы мүмкін" деп тағатсыздана күтіпті.

"Келесі күні дүкенді ашқан кезде, қария сол орында тапжылмастан отырды", - дейді сатушы.

Аяушылық білдірген дүкен қызметкері әлі күнге дейін қарияны тамақтандырып келеді.

Қартта "қызы қайта келеді" деген үмітін үзбепті.

Мисомфоп та қарияға көмектескісі келген, бірақ "ол жақында келеді" және "тек қайтып кел" деген жауапты естіген.

Порамет Мисомфоп қарияның оқиғасын әлеуметтік желіге жариялап, көпшіліктен қызын табуға көмектесуін сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1776293-kyzyn-10-zyl-bojy-bir-orynda-tapzylmaj-ktken-karia-eldi-zylatty-foto/