Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбулда опырылып құлаған көп қабатты үйдің астында 45 сағат жатқан жеткіншек табылды

Опубликовано:

Стамбулда опырылып түскен сегіз қабатты үйдің астында 45 сағат жатқан жеткіншек табылды. 16 жастағы жасөспірімнен бұрын қираған үйдің астында қалған бес жасар қыз табылған болатын деп жазады "Риа Новостиге" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram
"45 сағаттан соң құтқарушылар қираған үй астынан 16 жастағы жеткіншекті алып шықты", - дейді құтқару тобы.

Алайда жасөспірімнің қазіргі жағдайы жайлы айтылмайды.

Стамбул қалалық әкімшілігінің мәліметінше, төтенше жағдайдан 12 адам қайтыс болып, 13 адам жарақаттанған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында 500-ге тарта құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1777699-stambulda-opyrylyp-klagan-kp-kabatty-jdi-astynda-45-sagat-zatkan-zetkinsek-tabyldy/

pixel