Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Такси жүргізушісі 6 жасар баланы анасының көзінше айуандықпен өлтірді

Опубликовано:

Сауда Арабиясының Медина қаласында такси жүргізушісі алты жасар баланы көлігінен сүйреп шығарып, анасының көзінше басын кесіп тастады деп жазады Сa-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сауда Арабиясында такси жүргізушісі алты жасар баланы анасының көзінше айуандықпен өлтірді
Фото: ca-news.org: Facebook

Алдын ала болжам бойынша, қылмыс діни жек көрушілік негізінде жасалған. Мұхаммед пайғамбардың мешітіне бара жатқан әйелден жүргізуші "шейітсің бе?" деп сұрағанында, ол мұны растапты.

Сұрағаның жауабын алған жүргізуші көлігін тоқтатып, анасының қарсылық көрсеткеніне қарамастан алты жасар баланы алып шығып, әйнек құмыраны сындырып, сынығымен баланы бауыздап тастаған.

Ол аздай, ашумен баланың тағы бірнеше жеріне әйнек тығып алыпты. Анасы мен жақын маңда жүрген полиция офицері оны тоқтатуға тырысқанмен, бұл қолдарынан келмеген.

Әйел адам сол жерде есінен танып қалған.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға орнында тұтқындалған ер адамның психикалық ауытқушылығы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1778217-taksi-zrgizusisi-6-zasar-balany-anasyny-kzinse-ajuandykpen-ltirdi/

pixel