Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайсар әйел жүк көлігінің астына түсуге шақ қалған баласын құтқарып қалды

Опубликовано:

Вьемтамда жүк көлігі астына түскен баласын ғажайыптың күшімен құтқарып қалған ананың видеосы желіде тарады. Бұл туралы Корреспондент-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Оқиға Вьетнамның солтүстігінде, Намдинь провинциясында орын алған.

Кадрдан жеңіл көлік үш адам отырған мотоциклді қағып кеткенін, онда отырған әйел мен баланың құлап, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігінің астына түсіп қала жаздағанын байқауға болады.

Сондай-ақ, видеода анасы өзі құлап бара жатып, соңғы сәтте көлік астынан баласын тартып қалғанын көрінеді.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі әйел мен баласын жанап өтті.

Мұны тамашалаған желі оқырмандары ананың ерлігіне ризашылықтарын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1780676-kajsar-jel-zk-kligini-astyna-tsuge-sak-kalgan-balasyn-ktkaryp-kaldy/

pixel