RU

Көшені қардан тазаламағаны үшін билікті сынаған тұрғын айыппұл арқалады

Тәжікстанның Хорог қаласында тұратын азамат көшелерді қардан тазаламаған билікті сынап, желіде жазба жариялағаны үшін 600 сомони (63 доллар) айыппұл арқалады деп жазады Centralasian.org.

Көшені қардан тазаламағаны үшін билікті сынаған тұрғын айыппұл арқалады
Фото: www.centralasian.org: Twitter

Әкімшіліктің хабарлауынша, Идрис Жонмахмадов есімді тұрғын әлеуметтік желіде Хорог коммуналдық қызметіне қатысты жалған ақпарат жариялапты.

Сарапшылар биліктің бұл әрекетін азаматтардың сөз еркіндігін шектеу деп есептейді.

Ал Жонмахмадовтың өзі тілшілермен сөйлесуден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1782319-kseni-kardan-tazalamagany-sin-bilikti-synagan-trgyn-ajyppl-arkalady/