Танымал актер Владимир Этуш өмірден озды
Опубликовано:
КСРО-ның халық әртісі Владимир Этуш 96 жасында қайтыс болды деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоғызыншы наурыз күні Ресейдің театр және кино әртісі Владимир Этуш дүниеден озды. Актер 96 жаста болған. Қайтыс болуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
RT Telegram-арнасы Этуштың қызы әкесінің жүрегі тоқтап қалғанын растағанын хабарлады.
Владимир Этуш — театр және кино актері, көптеген марапаттардың иегері. «Кавказская пленница», «12 стульев», «Иван Васильевич меняет профессию», «Старая, старая сказка», «Как Иванушка-дурачок за чудом ходил» фильмдерінен кейін танымалдылыққа ие болған.
1941 пен 1943 жылдар аралығында Владимир Этуш Ұлы Отан соғысына қатысқан. Көрсеткен ерлігі үшін Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1782610-tanymal-akter-vladimir-etus-mirden-ozdy/