RU

"Мен оралдым": Жаңа келісімшартқа отырған Головкин мәлімдеме жасады

Әлемге аты әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN платформасымен келісімшарт жасасқан соң өзінің ресми Twitter парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше сағат бұрын спортшының аккаунтында боксшының мансабындағы жаңа кезең туралы жазылған твит пайда болды.

"Мен оралдым! DAZN-мен спорттық мансабымдағы жаңа парақшаны ашуға дайынмын және өз күшімді нығайтуға дайынмын", - деп жазды GGG парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1782648-men-oraldym-zaa-kelisimsartka-otyrgan-golovkin-mlimdeme-zasady/