Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарылғыш туралы хат тапқан бортсеріктер жолаушыларды аяғынан тік тұрғызды (видео)

Опубликовано:

Бахрейннен Домодедоваға бара жатқан U6-1116 рейсі жарылғыш туралы хат табылғаннан кейін шұғыл түрде Баку әуежайына қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды life.ru сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жарылғыш туралы хат тапқан бортсеріктер жолаушылардың сөмкелерін тексерген (видео)
Фото: Видеодан скриншот: Facebook

Бахрейннен Домодедоваға бара жатқан U6-1116 рейсінің жолаушылары экипаж мүшелерінің жолаушы сөмкелерін тексерген сәтін видеоға түсіріп, жариялаған.

Видео авторының сөзінше, бортсеріктер жолаушылардың сөмкелерін тексеріп, тыйым салынған заттар іздеп жатыр екен.

Ұшақ дәретханасында жарылғыш зат туралы хат тапқан жолаушы қамауға алынды. Ұшақты тексерген арнайы қызмет өкілдері борттан бөгде зат анықтамаған.

Борт Мәскеуге 12 наурыз күні таңертең ұшуға тиіс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783076-zarylgys-turaly-hat-tapkan-bortserikter-zolausylardy-aagynan-tik-trgyzdy-video/

pixel