RU

АҚШ-та тұрғын үйдің үстіне ұшақ құлады (видео)

АҚШ-тың Огайо штатында орналасқан Мадейра қаласында екі моторлы ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады. Оқиға салдарынан әуе кемесінің ұшқышы қайтыс болды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Оқиға орнынан түсірілген кадрдан құлаған ұшақтың өртке оранғанын байқауға болады.

Әуе апатынан 62 жастағы ұшқыш қайтыс болды.

Екі моторлы шағын ұшақ үйдің бір бөлігіне құлағаны анықталды. Тұрғындар зардап шекпеген.

Оқиға орнында арнайы мамандар тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783246-aks-ta-trgyn-jdi-stine-sak-klady-video/