RU

Қытайлық әйел сабақты нашар оқығаны үшін туған ұлынан бас тартты

Қытайда анасы мектепте төмен баға алғаны үшін 12 жасар баласын тастап кеткен. Мектептегі сынақтан 95 ұпайдың орнына 81 ұпай жинаған бала анасының зығырданын қайнатқан көрінеді. Ашуға булыққан әйел ұлын бірнеше рет ұрып, көлігіне мініп ктеіп қалған деп хабарлайды 24tv.ua порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайлық азаматша сабақ үлгерімі төмен баласынан бас тартты
Фото: 24tv.ua: UGC

Оқиға куәгерлері полиция шақыртып, жабырқаулы қалған баланы үйіне қайтаруды өтінген. Алайда бұл құқық қорғау органдарының қолынан келмепті.

Олар әйелге хабарласып, ұлын үйіне алып кетуді сұраған. Өз кезегінде азаматша оған енді баланың керек емес екенін айтып, қысқа қайырыпты.

Қуанышқа орай, жеткіншектің ағасы оны қамқорлығына алуға келісімін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783275-kytajlyk-jel-sabakty-nasar-okygany-sin-tugan-lynan-bas-tartty/