RU

"Киркоровты өлтіруге тапсырыс берді": Галкин өзіне тағылған айыпқа жауап берді

Ресейлік тележүргізуші және әзілкеш Максим Галкин өзін 2017 жылы Филипп Киркоровтың Махачкаладағы концертінде "лаңкестерге тапсырыс берді" деп айыптағандарға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Киркоровты өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған Галкин пікір білдірді
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Әзілкеш Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, тараған айыптаулардың барлығы жалған екен.

"Бір өтінішім бар. Филиптің мазасын алмаңыздаршы. Ол оны өлтіруге сонша аз ақша берілгеніне қатты қамықты", - деді Максим Галкин.

Еске сала кетейік, 2017 жылы 14 қазан күні Махачкалада ұсталған терроршылар алтыншы шілде күні Киркоровтың концертінде үш бомбаны жармақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783308-kirkorovty-ltiruge-tapsyrys-berdi-galkin-zine-tagylgan-ajypka-zauap-berdi/