Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

67 жасында алғаш рет бала туған әйел қазір қалай өмір сүріп жатыр?

Опубликовано:

Румыниялық профессор Адриана Илиеско 67 жасында алғаш рет ана атанған. Жасанды ұрықтану арқылы дүниеге қыз бала әкелген қарт ананың жасы бүгінде 80-де деп жеткізеді my-fly.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

67 жасында бала туған қарт ананың бүгінгі халі қандай
Фото: slovami.net: UGC

Әйел адам 2005 жылы жасанды ұрықтандыру арқылы сүйкімді Элиза атты қызды дүниеге әкелген.

Адриананың айтуы бойынша, оның бұл шешімін туысқандары мен достары қолдамапты, тіпті, "жеке басыңды ғана ойладың" деп айыптап, теріс айналғандар да болыпты.

«Мен ана атанып нағыз бақыттың не екенін түсіндім. Мен шынымен бақыттымын. Жаратқан осы жасымда ана бақытын сезінуді жазса, демек осыйлай болуы керек еді. Бәрі дұрыс», - дейді қарт ана.

Адриана осы күнге дейін балаларға арнап 25 кітап шығарған екен. 14 жасар Элиза анасы секілді алғыр, зерек.

Бүгінгі таңда оның жылжымайтын мүлкі мен банкте жеке шоты бар. Профессор Илиеску босана салысымен баласының болашағына алаңдап, қаражат жинай бастапты.

Адриана әлемдегі ең қарт ана атанып, гинес рекодтар кітабына енген.

Ал 2006 жылы испаниялық Мария Дель Кармен ол көрсеткішті жаңартып, 67 жасында ана атанса, үндістандық Отари Панвар 70 жасында сәбилі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783405-67-zasynda-algas-ret-bala-tugan-jel-kazir-kalaj-mir-srip-zatyr/

pixel