RU

Жүрегі екі сағатқа тоқтап қалған бала ғажайыптың күшімен қайта тірілді

Қытайдың Цзунчан қаласында оқушы арықтың жағасында ойнап жүріп, күтпеген жерден суға құлап кеткен. Баланы құтқарған сәтте оның жүрегі тоқтап қалған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: AsiaWire
Фото: AsiaWire: Facebook

Баланы құтқарып қалған 53 жастағы Янг Ю демалысқа ата-анасымен келген сәтте, судың бетіне шығып қалған баланың шалбарын көргенін айтты.

Ер азамат көмек шақырып, өзі суға түсіп кеткен.

Ол судың астында басымен төмен қарап жатқан баланы тауып алып, жағаға алып шығып, оны ауруханаға жеткізген.

Фото: AsiaWire
Фото: AsiaWire: Facebook

Дәрігерлер оқушының жүрегі тоқтап қалғанын анықтап, жүрек реанимациясын жүргізген.

Олар 40 минут көмек көрсеткенімен, ешқандай нәтиже бермеген. Баланың жүрегі мүлде соқпапты.

Дәрігерлер оқушының өлімін тіркеуге дайын болғанда, анасы мен атасы ақхалаттылардан тағы да көмек көрсетуді сұрапты.

Олар балаға ем жұмыстарын жүргізуді жалғастыра берген.

"Мен олардың бетін қайтара алмадым", - деді дәрігер Дон Во.
Фото: AsiaWire
Фото: AsiaWire: Facebook

110 минуттан кейін бала өздігінен дем ала бастапты. Бұны көрген дәрігерлер қатты таңғалған.

Дәрігер Ван Боның айтуынша, 14 жылдық тәжірбиесінде мұндай таңғажайып бірінші рет орын алыпты.

Оқушыны Ибиня ауруханасына толық тексерістен өткізу үшін жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783561-zregi-eki-sagatka-toktap-kalgan-bala-gazajypty-ksimen-kajta-tirildi/